EN
KZ
RU
Страница появится в скором времени

Президентке үндеу

Бұл блог университет басшылығымен тікелей байланыс орнатуға арналған ресми коммуникациялық арна болып табылады және ҚАУ-дың даму мәселелері бойынша ашық, сындарлы әрі кәсіби диалогты қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Біз кері байланысты стратегиялық басқарудың маңызды құралы ретінде қарастырамыз. Сіздердің ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз бен бастамаларыңыз даму нүктелерін уақтылы анықтауға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, әкімшілік процестердің сапасын арттыруға және университеттің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Блог арқылы келесі санаттар бойынша өтініштер жолдауға болады:
  • студенттер;
  • профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ);
  • әкімшілік-басқару персоналы (ӘБП);
  • серіктестер мен ұйым өкілдері;
  • талапкерлер және олардың ата-аналары;
  • университетпен ынтымақтастыққа мүдделі азаматтар;
  • ҚАУ Президентінің жеке қабылдауына жазылғысы келетін тұлғалар.

Құрметті студенттер, оқытушылар, қызметкерлер, серіктестер және қоғам өкілдері! Сіздерді Қазақ-Америка университеті Президентінің жеке блог парақшасында қарсы аламын.

партнёры и представители организаций;
1
лица, желающие записаться на личный приём к Президенту КАУ.
1
абитуриенты и их родители;
1
административно-управленческий персонал (АУП);
1
профессорско-преподавательский
состав (ППС);
1
граждане, заинтересованные в сотрудничестве с университетом;
1
студенты
1
Барлық өтініштер белгіленген тәртіпке сәйкес, объективтілік, құпиялылық және іскерлік әдеп қағидаттарын сақтай отырып қарастырылады. Жеке талқылауды қажет ететін мәселелер бойынша университеттің ішкі регламентіне сәйкес қабылдауға жазылу жүзеге асырылады.

Біздің міндетіміз — басқарушылық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, университеттің тұрақты дамуына қол жеткізу және сапаға, нәтижеге және жауапкершілікке бағытталған заманауи академиялық ортаны қалыптастыру.
Ашық диалог пен кәсіби өзара іс-қимыл Қазақ-Америка университетінің ұстанымдарын нығайтуға және оның стратегиялық даму мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

ҚАУ-дың дамуына қосқан белсенді ұстанымдарыңыз бен үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Құрметпен,
Қазақ-Америка университетінің Президенті Исахов А.А.