Қазақ-Америка университетінің президенті Исахов Асылбек Әбдіәшімұлы Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған 2024 жылғы Қазақстанның TOP-100 CEO ұлттық рейтингіне енді. Бұл рейтинг еліміздің экономикасы мен бизнес-экожүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан жетекші басшыларды анықтап, олардың кәсіби жетістіктерін атап өтуді мақсат етеді.
Бағалау кешенді жүйе арқылы жүргізіліп, негізгі төрт критерий бойынша жүзеге асты:
• Performance – компанияның қаржылық көрсеткіштері мен тұрақты дамуы;
• Customer Satisfaction – клиенттердің қанағаттану деңгейі мен брендке деген сенімі;
• Competence – кәсіби тәжірибесі, білімі және салалық қауымдастықтарға қатысуы;
• Leadership – саланың дамуына қосқан үлесі, корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы рөлі және қоғамдық белсенділігі.
Исахов Асылбек Әбдіәшімұлының бұл тізімге енуі оның кәсіби тәжірибесінің жоғары деңгейін және басқарушылық қабілетін айқын көрсетеді. Оның басшылығымен Қазақ-Америка Университеті инновациялық білім беру әдістерін енгізіп, академиялық ортаны заманауи деңгейге көтеруде.
Исахов Асылбек білім беру саласындағы қызметін 2005 жылы бастаған. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бакалавриат, магистратура және докторантурасын тәмамдап, Гейдельберг университетінде (Германия) ғылыми тағылымдамадан өткен. Бұған дейін ҚазҰУ, КБТУ және ХАТУ-да академиялық және басқарушылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Қазақ-Америка университеті бүгінде жаңа буын бағдарламаларын дамытып, оқу процесіне цифрлық технологияларды белсенді енгізе отырып, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде өз позициясын нығайтуда. Бұл даму үрдісі университет президенті Исахов Асылбек Әбдіәшімұлының стратегиялық басшылығымен жүзеге асуда.