ҚАУ Қытаймен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда: Циндаодан келген делегация университетке сапар жасады
2024 жылдың 14 қазанында Қазақ-Американдық Университеті (ҚАУ) Қытайдың Циндао қаласынан келген делегацияны қабылдады. Делегация құрамында ШЫҰ Технологияларды Трансфер Орталығының және инфрақұрылымдық және цифрлық даму саласында жұмыс істейтін жетекші компаниялардың өкілдері болды.
2020 жылдың желтоқсанында Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Циндао қаласында құрылған ШЫҰ Технологияларды Трансфер Орталығы Қытайдың ресми ұлттық платформасы болып табылады. Оның қызметі «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер мен ШЫҰ мүшелері арасындағы ғылыми-техникалық, экономикалық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Орталық Қытай үкіметі, Ғылым және технологиялар министрлігі және басқа да ведомстволар тарапынан белсенді түрде қолдау табады және Қазақстан мен өңірдегі басқа елдерде кең серіктестік желісі бар.
Сапар барысында Qingdao Municipal Space Development Group Co. және Hainayun IOT Technology Co., Ltd. компанияларының өкілдері Қазақ-Американдық Университеті құрамына кіретін Халықаралық Білім Корпорациясымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Qingdao Municipal Space Development Group Co. муниципалдық инфрақұрылым объектілеріне, соның ішінде «ақылды қалалар» және экологиялық қалпына келтіру жобаларына инвестиция салады және құрылыс жұмыстарын жүзеге асырады. Hainayun IOT Technology Co., Ltd. цифрлық қалалар мен инфрақұрылымдық жүйелер үшін заттар интернеті (IoT) шешімдерін әзірлеуге бағытталған.
ҚАУ делегация үшін кампус бойынша экскурсия ұйымдастырып, білім беру бағдарламаларын таныстырды және ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Келіссөздер барысында тәжірибеден өту, алмасу бағдарламалары және Қытай университеттерімен серіктестік аясында қос диплом алу мүмкіндігі жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.