ҚР ҒБМ Жаңалықтары

20 қыркүйек 2011
Қазақстанда 2012 жылдан бастап жоғары оқу орындарында аралық бақылау алынып тасталады.

"Білім жүйесі үшін ештеңе берілмейтіні құпия емес. Артық рәсім пайда болады, қазір «Білім туралы» заңға өзгертулер енгізілуде, мен олардың енгізілуін талап еттім", - деді министр, жұма күні медицина университетінде өткен кеңесте.

Атап өтейік, АМБ барлық жоғары оқу орындардың екінші курс студенттері тапсырады. Бұл білім сапасының сыртқы бақылаудың дербес түрлерінің бірі. 
Үш жылдан кейін халықаралық және ұлттық аккредитациялау жүйесі енгізіледі, дейді министр. Оның айтуы бойынша, нарықта қалғысы келетін әрбір университет, аккредитациядан өтуге мүдделі болады. 
ҚР ҒБМ басшысы жоғары оқу орындарындағы ақылы оқудың бағасының өсуін қалыпты деп санайды.  
 ҚР ғылым және білім министрі Бақытжан Жұмағұлов жоғары оқу орындарындағы ақылы оқудың бағасының өсуін қалыпты үдеріс деп санайды.  
 Бұл туралы ол журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, № 53 астаналық лицей – мектепке бару барысында хабарлады, дейді Казинформ.
«Жалпы бұл мәселе (жоғары оқу орындарындағы ақылы оқу бағасының артуы – агенттіктің еск.) жыл сайын көтеріледі. Заңда ақылы оқудың бағасы мемлекеттік білім беру грантының бағасынан кем болмауы тиіс екендігі туралы ережелер орнатылған. Яғни, бұл қалыпты үдеріс», - деп түсіндірді Б. Жұмағұлов.
Министрдің айтуы бойынша, әлемдік қаржылық дағдарыс жылдарында, мемлекет ақылы оқу бағасын ұстап тұруға тырысты, ал биылғы жылы, бұл сандар теңесу жағына қарай өзгереді.   «Бірақ, осыған қарамастан, ақылы оқу құны мемлекеттік грант құнына қарағанда, төменірек», - деді Б. Жұмағұлов.
 Білім беру ведомствосының басшысы барлық ректорларға «талапкердің әр жағдайына назар аудара қарауды, мүмкіндік болса, жетімдер мен тұрмысы төмен отбасыларының оқушыларына әртүрлі көмек көрсетуді» тапсырғанын атап өтті. 
 «Ал оқу құнын төлей алатындар, Заңға сәйкес, грант көлемінде төлеулері тиіс», - деп қорытындылады министр.
дү се сә бе жұ се же
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031