ҚР ҒБМ Жаңалықтары

4 ақпан 2019
ҚАУ оқытушылары «Өрлеу» БАҰО-дан біліктілікті арттыру курстарынан өтті

 Оқу үрдісіне мемлекет тарапынан енгізілетін әртүрлі инновацияларды, техниканы және оқыту әдістерін белсенді дамыту дәуірінде әрбір мұғалім білім беру стандарттарының заманауи талаптарына сәйкес келетін кәсіби біліктілігін жүйелі түрде жетілдіруі керек.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының («Өрлеу» АҚ) жаңа технологиялары мен әдістері бұл міндетті толық орындауға мүмкіндік береді. ҚАУ кампусының директоры Қ.С. Әбдіхалықовтың бастамасымен ҚАУ-дің 16 оқытушысы «Өрлеу» АҚ базасында педагогикалық шеберліктері мен біліктілігін арттырды.


Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру арнайы бағдарламалар мен курстар арқылы жүзеге асырылды. Аталмыш курс екі аптаға созылып, сабақтардың 72 сағаты игерілді. Қазақ-Америка университетінің оқытушылары SMART-learning технологиясы сияқты қашықтықтан оқыту бағдарламаларын қолдану дағдыларын игерді. KAHOOT бағдарламасының көмегімен интерактивті тестілеу жасау, iSpringQuiz Maker мультимедиалық компоненттерімен интерактивті тестерді жасау. «Case-study» әдісін қолданып, СӨЖ ұйымдастыру, iSpringFree бағдарламасының көмегімен презентацияларды түрлендіру жайлы тренинг өтті. Сонымен қатар, oCam бағдарламасымен жұмыс істеу бойынша дәрістер мен практикалық сабақтардың курсын аяқтап, скринкастты қалай жазуға болатынын игерді. TurboSite бағдарламасында электронды оқулықтар жасаудың негіздері және POWTOON бағдарламасы арқылы интерактивті және анимациялық презентация құру сынды тақырыптар өтті.
ҚАУ оқытушылары инновациялық оқыту технологияларын қолдануда лайықты тәжірибеге ие болды,- деп есептейміз, енді біз олардан осы тәжірибелерін ҚАУ-дің оқу үрдісінде қолдануын күтеміз.
 

дү се сә бе жұ се же
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031