ҚАУ жаңалықтары

8 маусым 2018
«Түлектер инаугурация» кеші

Қазақ-Америка Университет кемесі өз түлектерін өмірдің жаңа кезенінің толқындарына жіберуге дайын!
2018 жылдың 12 маусымында «Түлектер инаугурация» кеші ұйымдастырылады.
Бітірушілер - Қазақстанның болашағы! Олар барлық бастамаларды қолдап, қоғамның жоспарларын жүзеге асыру бойынша бастаманы қолдайтынына сенімдіміз, бастысы - әрбір адамның ар-намысы, абыройы мен беделі.
ҚАУ - бұл тұрақты, қазіргі заманғы, беделді халықаралық деңгейдегі университет. Американдық колледждер мен университеттер қауымдастығының мүшесі. Университет тарихы шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта артикуляция бағдарламаларын әзірлеуден басталды. ҚАУ Қазақстанда алғаш рет ағылшын тілінде оқытуды бастаған Университеттерінің бірі.
Мамандарды даярлау сапасына және білім берудің қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта ҚАУ-дың студенттерінде көп деңгейлі дайындықтары жүргізеді: мектеп, колледж, бакалавриат және магистратура.
ҚАУ түлектері халықаралық ұйымдарда, байланыс қызметтерін көрсетумен айналысатын компанияларда, жаңа технологияларды қолдану және өз бизнесін құру саласында жұмыс істейді.
Инаугурация - университеттің өміріндегі, түлектер мен олардың туыстарының өмірінде маңызды оқиғалардың бірі. ҚАУ түлектеріне, жаңа қазақстандық жас мамандарға мемлекеттік және халықаралық үлгідегі дипломының берілу салтанаты болатын, ҚАУ Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері қатысатын ерекше оқиға.

 

 


 

дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031