ҚАУ жаңалықтары

10 сәуір 2018
Студенттер үйіндегі ҚАУ «Наурызда көрісу» мерекесі

5 сәуір күні Студенттер үйінде ҚАУ оқытушылар, қызметкерлер және студенттік өзін-өзі басқару комитеті ұйымдастырған «Наурызда Көрісу» мерекесі өтті. Мерекеге Студенттер үйінде тұратын студенттер және ҚАУ оқытушылары, сонымен қатар ҚАУ әкімшілігі, бухгалетрия, қаржы бөлімінің өкілдері, Алматы байланыс колледжінің мұғалімдері қонақтар ретінде қатысты. Мерекені құттықтау сөзімен ҚАУ деканы Абдықалыков Қ.С. ашты.
Көрісу айт қазақ тілінен сөзбе-сөз аударғанда «кездесу» деген мағынасын білдіреді. Бұл күні бір-біріңіздің үйіне барып, көктемнің келуімен құттықтаймыз.
Қазақтың ежелгі дәстүрі Қазақстанның бүкіл аумағында емес, негізінен батыс аймақтарында сақталды. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бұл күні әдетте «Қөрісу» және Маңғыстауда - Амал деп аталады. Ежелгі уақытта, осы күні көне көшпелі өмір салтын меңгерген және мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар қысқы суықтың соңында қуанып, көктемгі күндердің сәтті келуімен бір-бірін құттықтайтын.
ҚАУ оқытушылары, студенттерге Наурыз көже, бауырсақ, палау, жент және басқа да дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татуға болатын үлкен дастархан жайып берді.
Студенттердің өзін өзі басқару комитеті әртүрлі ұлттық спорт жарыстарын (арқан тарту, асық ойын, колмен куш сынасу) және мерекелік концерттік (ән орындау, күйді орындау, қазақ биі) бағдарлама ұйымдастырды.
Мереке ойдагыдай өтті. Дастархан мол болды, барлық адамдар үшін жеткілікті болды. Даниярова Дурия Ратбековна дайындаған наурыз көже мен Қашағанова Гүлжан Бақытқызының дайындаған дәмді палауы да бәріне ұнады.
Көптеген студенттер жарыстарға белсене қатысты. Студенттердін өзін-өзі басқару комитеті ұйымдастырған концерттік багдарлама өте қызықты өтті.
Мерекелік іс-шара аяқталғаннан кейін студенттер мереке үшін оқытушыларға үлкен алғысын білдірді!
 

дү се сә бе жұ се же
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30