ҚАУ жаңалықтары

4 қыркүйек 2017
Құрметті бірінші курс студенті!

                                                                Қазақ-Америка Университеті үшін «Білім күні» жаңа оқу жылының басталуын белгілейтін дәстүрлі мейрам.

Университет үшін «Білім күні» бірінші курс студенттерін университет, факультет және колледж басшылығымен, оқу орнының дәстүрлерімен, белсенді студенттермен таныстыратын салтанатты мейрам. ҚАУ-дың Президенті бұл күннің басты рәмізін-білім кілтін жаңадан қабылданған студенттерге табыстайды. Бірінші курс студенттері барлық оқу кезеңіндегі әртүрлі мүмкіндіктер туралы бағыттап, ақпарат беретін топ жетекшісімен, ол бакалаврда - эдвайзер және колледжде - куратормен алғашқы кездесуін өткізеді.
Эдвайзерлер және кураторлар – ақпараттың таусылмас қайнары, олар студенттердің «Студенттер Үйі»-дегі білім алуы мен орналасуына қатысты барлық салалардағы алғаш кеңесшісі. Эдвайзерлер мен кураторлардың топпен кездесуі «кураторлық сағат» деп айтылады.
Бұл күні Сіз «Student’s guide-book»-ты аласыз, бұл ҚАУ-да барлық ережелер бойынша студенттер үшін енгізілген нұсқаулығыңыз. Сіз ол бойынша керек ақпараттарды: университеттегі бөлімдердің жұмыс уақытынан бастап (бөлімдер: кітапханалар, тіркеуші офис, Тәжірибе, мансап және қоғаммен байланысу орталығы, ҚАУ-дың медициналық пункті және т.б.), Студенттер Үйіне орналасу мен «Scholarships» атты университет шәкіртақысы арқылы білім алу мүмкіндігі туралы ақпараттарды таба аласыз. Міндетті түрде «ҚАУ-дың 2017-2018 оқу жылының академиялық  күнтізбесімен» танысуға ұмытпаңыз! Күнтізбеге сәйкес Сіз өзіңіздің демалысыңызды жоспарлай аласыз, сонымен қатар ҚАУ-дың семестрлерінің аяқталу кезеңін біле аласыз. Есте сақтаңыз, барлық семестрлер маңызды, бірақ ең қиыны – ол бірінші семестр, сол себепті мұқият болыңыз және айтылатын мәліметтерді тыңдап, барынша тез  «қабылдап» алыңыз!      
Біздің мақсатымыз Сізге тек қана білім берумен шектелмейді, біздің мақсатымыз – Сіздің өз бетімен ойлау мен жұмыс істеуге бағыттау, дәстүрлерді құрметтеу мен ұстаздарды қадірлеуге үйрету, оқуда үздік болуға және мұқтаждарға көмек көрсетуге шақыру, қоғамға пайдалы болуға, белсенді азаматтық ұстанымда болуға, көп достық қарым-қатынас орнатуға үйрету, түрлі конкурстарға қатысуға бағыттау. 
Осының барлығын Сізге университет қабырғасында үйретуге тырысамыз.
ҚАУ-дың дәстүрі – жыл сайын студенттер арасында байқау конкурсын жүргізіп, «Білім күнінде» жеңімпаздарды маңызды номинацияларда марапаттау. Үйінен алшақтап, басқа қалалардан келген студенттер «Студенттер Үйіндегі» бөлмесінде жайлылық, тазалық пен тәртіп сақтауға тырысса олар-марапаттауға лайық. «Үздік топ» номинациясында жеңу дегеніміз – топтың  барлық студенттері «жақсы» немесе «үздік» үлгерімдері бар, сонымен қатар оқу жыл бойы кураторларымен конкурстар мен іс-шараларда белсенді қатысуды білдіреді. Әлбетте басты номинация-«Жыл студенті». Жеңімпаз – бұл тек қана үздік үлгерімнен басқа барлық студенттерге үлгі болып, біздің тарапымыздан студенттерге қойылған мақсаттарға жету, яғни өзін көрсете білетін, ҚАУ-дың беделін көтеретін, университеттің білім, ғылым, спорт, өнер салаларындағы дамуға, ұлттарды біріктіруге, жемқорлықтың алдын алуға ат саласып, үлесін қосқан студент. 2016-2017 оқу жылының  нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған:
1.       «Үздік студенттік топ» номинациясында-16-ОиЭО-904-1к тобы, ҚАУжанындағыАлматыбайланыс колледжінің «Оптикалық және электронды жабдықтау» мамандығы. 
2.     «Студенттер Үйіндегі үздік бөлме» номинациясында - № 206-шы бөлме (қыздар арасында), №104-ші бөлме  (ұлдар арасында).
3.     «ҚАУ-дың жыл студенті» номинациясында - Усеинова М., ҚАУ-дың «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті.
«Білім күні»-бірінші курс студенттеріне «Қазақ-Америка Университеті» деп аталатын жаңа отбасының мүшесі болуға мүмкіндік беретін іс-шара.
Құрметті бірінші курс студенттері, ҚАУ сіздерге: «Welcome!» деп айтуда.
ҚАУ-дың әкімшілігі атынан барлық әріптестерімді және студенттерді ҚАУ-дың 20-жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Бірінші курс студенттерімізден мерейтойлық іс-шараларға белсенді қатысуды күтеміз. Жаңа 2017-2018 оқу жылымен!
    
Академиялық сұрақтар бойынша проректор-ҚАУ-дың Кампус директоры
Сарымсакова А.С.

 

дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930