ҚАУ жаңалықтары

22 желтоқсан 2018
Павлодарға іс-сапар

Заң ғылымдарының докторы, Қазақ – Америка университетінің қауымдастырылған профессоры Жандарбек Б.А. 2018 жылдың желтоқсанның 5-8 аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Торайғыровтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырылуына байланысты Павлодар қаласында іс-сапармен болып қайтты.
Іс-сапар барысында Жандарбек Б.А. конференцияға қатысушылар алдында «Шешуін табуды қажет ететін мәселелер» тақырыбында баяндама жасады. Бұл ғылыми мақала конференция материалдарында басылып жарияланды.
Профессор Жандарбек Б.А. 6 желтоқсанда Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушы-профессор құрамының алдында «Азаматтық құқық, азаматтық процестік құқық мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Тағыда бір өткізілген шара: студенттермен, магистанттармен және оқытушылармен авторлық семинар өткізді.
Павлодар қаласының № 19 мектебінің бітіруші 3 сыныптың оқушыларымен (жалпы саны – 56 оқушы) профориентациялық шаралар өткізді. Сөйтіп, қысқа мерзімде профессор Жандарбек Б.А. университетке қажетті жемісті шаралар жасап қайтты.
 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031