ҚАУ жаңалықтары

15 ақпан 2018
«Мария Склодовска-Кюридің зерттеушілердің мәнсаптық даму стипендиясы» вебинар туралы

Құрметті әріптестер!

Эразмус+ Қазақстан бағдарламасының ұлттық кеңсесі 2018 жылдың 19 ақпанында сағат 14: 00-де өтетін «Горизонт-2020» бағдарламасы шеңберінде «Мария Склодовса-Кюридің зерттеушілердің мәнсабын дамытуға арналған стипендиялар» вебинары туралы хабарлайды.

Мақсаты: Мария Скодовска-Кюри бағдарламасының мүмкіндіктерімен, өтінімді рәсімдеу және іріктеу шарттарымен танысу, конкурсқа қатысу жолдары туралы практикалық кеңестер беру.

Спикерлер:
- Тасболатова Шайзада Умурзакқызы, Эраpмус + Қазақстан бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры;
- Магзиева Камила Тусупхановна, Horizon 2020 NCP-KZ Ұлттық үйлестіруші, Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қолдау жөніндегі Тәуелсіз сараптама-кеңес беру кеңесінің директоры (Inexcb-kz).

Бұл іс-шара Эразмус + Қазақстан бағдарламасының Ұлттық кеңсесі өткізген вебинарлар сериясының бір бөлігі. 2018 жылы онлайн-шараларды өткізу жоспары және бұрын өткізілген вебинарлардың бейне жазбалары www.erasmusplus.kz сайтында жарияланады. Сізден «Мария Склодовска-Кюридің зерттеушілердің мәнсаптық даму стипендиясы» вебинар өткізу туралы өзіңіздің университетіңіздің мүдделі қызметкерлеріне ақпарат таратуыңызды өтінеміз.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://goo.gl/ayQ32b.

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930