ҚАУ жаңалықтары

18 сәуір 2018
Инновациялық әдістеме

2018 жылдың 10 сәуірінде ҚАУ бакалавриатында кезекті әдістемелік семинар шеңберінде CISCO академиясының қызметкері , International Black Sea University докторанты Азамат Жаманов «Flipped Classroom әдістемесін университеттің білім беру процесіне енгізу » атты мастер-класс өткізді. Бұл әдістеме оқытушыларға өздерінің пәндері бойынша практикалық сабақтарды, mid-term өткізуге жаңа мүмкіндіктер және технологиялар беретіні сөзсіз. Әдістемені барлық мамандықтар және оқыту деңгейлеріне , сонымен қатар қашықтан оқыту үшін қолдануға болады. Жүргізуші Kahoot, Actively Learn, Screencastify сияқты бағдарламаларды оқу процесінде қалай қолдану керектігін көрсетті. ҚАУ оқытушылары мастер-класты үлкен қызығушылықпен тыңдады, сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
 

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31