ҚАУ жаңалықтары

9 қазан 2018
«Huawei АКТ Қазақстан байқауын 2018-2019» ұйымдастрады

 

Huaweiкомпаниясы Қазақ-Америка университетінің қолдауымен студенттік жастар арасында
«Huawei АКТ Қазақстан байқауын 2018-2019» ұйымдастрады
Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологиялар облысындағы (ICT/АКТ) шешімдердің әлемдік жеткізушісі болып табылады, Huawei компаниясының сертификация жүйесі әлем бойынша танымал және АКТ бойынша дарындыларды жетілдіруге арналған стандарт болып қалыптасуда. 
Huawei АКТ Академиясының кілтік міндеттері: АКТ бойынша білім мен дағдылардағы олқылықты толтыру үшін ғылыми қоғамдастықтармен серіктестік жасау, бүкіл әлем бойынша коммерциялық емес білім беру бағдарламасын жасау, АКТ салаларының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін дайындау мен оқыту жөніндегі шешімдерді ұсыну, АКТ саласында дарындылардың экожүйесін жасау. АКТ технологиясының сертификациясын алдыға жылжыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында дарындыларды және қуатты экожүйені дамыту үшін Huawei компаниясы Қазақстанның колледждері мен университеттерін конкурсқа қатысу үшін шақырады.
Қатысуға шақырылады: Huaweiкомпаниясының АКТ Академиясы болып табылатын немесе Huawei компаниясының АКТ Академиясының мәртебесін алуды жоспарлайтын колледж және университеттердің студенттері. Конкурсқа тек студенттер қатыса алады. Конкурстың негізгі сыйлары ретінде берілетіндер: қатысушы сертификаты, Huaweiкомпаниясынан сый және емтиханнан өту мүмкіндігін беретін ваучер, ол емтихан нәтижесі бойынша ең үздік үш студент Қытай елінің Шэньчжэнь қаласында өтетін халықаралық «Huawei АКТ конкурсына» бару мүмкіндігін береді.  
Қатысушылардың тіркелуі онлайн режимінде 2018 жылдың 1 қазанынан 12 қазанға дейін www.huaweiacad.com сайтында жүргізілетін болады.

 

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31