ҚАУ жаңалықтары

11 сәуір 2017
ХБК кітапханасымен ұйымдастырылған «Здоровая молодежь – здоровая нация» атты Қазақстан спортсмендерімен кездесу туралы

2017 жылы 04 сәуір айында сағат 11-00 де Ғылыми кеңес залында ҚазБСҚА және ҚАУ студенттері (120 адам): Айза Имамбек, мәнерлеп сырғанау бойынша спорт шебері; Федор Мезенцев, ҚР конькимен жүгіру спортынан халықаралық класс деңгейіндегі спорт шебері; Константин Соколенко, ҚР шаңғымен тұғырдан секіру бойынша халықаралық класс деңгейіндегі спорт шебері танымал қазақстандық спортсмендерімен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, жастарды спорт жайында кітап оқуға тарту және жоғары оқу орындарының білімгерлері ортасында Қазақстанның атақты спортшыларын дәріптеу.
Кездесу қызықты және тартымды өтті, спорт женімпаздары өздерінің спорттағы кәсіби дәрежелерін мен жетістіктерін, Алматы қ. өткен 28-ші дүниежүзілік қысқы 2017 Универиадасына, Сочи қ. Олимпиада ойындарына қатысқандарын айтып берді. Кездесу барысында студенттер өз тараптарынан жеңімпаздарға сұрақтар қойды: Қанша жастарыңыздан спортпен айналысасыздар? Келешекте қандай жоспарларыңыз бар? Қазақстан гимнін естігенде өздеріңіз қандай сезімде боласыздар? және т.б.
Сонан «Сәулет» факультетінің 2 курс студенті Дәүлет Исраил өзінің Алматы қ. өткен 28-ші дүниежүзілік қысқы 2017 Универиадасында волонтер қозғалысына қатысқанын, таңдап алу бойынша кастингі қалай өткенін, оның қандай сезімде болғанын және Универсиададан алған жұмыс тәжірибесі 2017 ЭКСПО көрмесінде волонтер болып қатысуына мүмкіндік берілгенін айтты.
«Спорт- көркі өмірдің, спорт – досың, серігің» атты электронды тұсау кесері өткізілді, сонымен қатар «Қанаттарын жайған Универсиада - 2017» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кездесуге ЖАҚ өкілдері шақырылды. Кездесу 4 сәуір сағат 21.30 қазақ тілінде және 21.55-те орыс тілінде «Казспорт» телеканалының жаңалықтарда көрсетілді. Соңында Ескендір Хасаңғалиевтін «Атамекен» әні орындалды.
 

дү се сә бе жұ се же
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031