ҚАУ жаңалықтары

1 маусым 2017
Елімізге үлес қосқан үлкен тұлға

«Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет жаса»

Б. Момышұлы
 
Жаздың күн сәулесі жарқыраған шілде айында,  айнала көкке боялып, табиғат жемістерін берген кезде, жыл сайын Қазақстанның партия, мемлекет және саяси қайраткері Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың туған күні аталып өтіледі. Үстіміздегі жылдың ерекшелігі – біз Асқар Алтынбекұлының 80-жылдық мерей тойын атағалы отырмыз.Асқар Алтынбекұлы барша Қазақ жерін алтын бесігіне балап, осы кезге шейін еңбектен қол үзбей келе жатқан жан. Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. Осы әрбір жеткен жетістіктің артында жан аямай қызмет еткен азаматтардың еңбегін байқауға болады.
 Асқар Алтынбекұлы - Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, ел үшін тынымсыз еңбек жасаған аптал азаматтардың бірі . Ол шебер ұйымдастырушы, көрнекті ғалым ретінде еліміздің құрылыс саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан санаулы азаматтардың бірі. Осы еңбектері үшін мемлекеттік ордендер және медальдармен марапатталды.
Асқар Алтынбекұлы туралы тарихи деректер де, әдебиеттер де жеткілікті. Біз ұлы тұлғаның жеке адами қасиеттеріне ерекше тоқталғымыз келеді.
Асқар Алтынбекұлы өндірістік және қоғамдық қызметті көлемді ғылыми жұмыстармен шебер ұштастыра білетін азамат. Депутат ретінде өз ісіне жауапты әрі ұқыпты ол айналасындағыларға қашанда қамқорлық танытып, қолынан келгенінше көмек қолын созды. Үнемі адамдықтың  үлгісін көрсетіп, халық қалаулысы мәртебесін көтерген аптал азамат.
Туған жерін, туып-өскен белін сүймейтін адам болмайды. Асқар Алтынбекұлы –  көпті көрген көнекөз кісі ғой, әдебінен жаңылмайды, көп көсемсіп сөйлей бергенді де ұнатпайды. Бірақ туған ел, өскен жер туралы пайымы ерекше. Әсіресе, оның туған жер, ата-жұртқа деген перзенттік құрметі шексіз екенін байқайсыз. Бұл сезім оның бүкіл саналы ғұмырының алтын қазығы іспетті. Қария көңілдің дария шалқар сезімі шексіз.
Табиғаты сұлу, ауасы жұпар, шөбі құнарлы өңір көне Алматының кескін-келбетіне сай оның адамдарының да жүзі шуақты, дені қуатты. Бұл – табиғи заңдылық қой. Өзі де ширақ, пысық жан. Асылы, ата-бабаларымыздың қанына сіңген осындай жақсы қасиеттерінің жұрнағын жоғалтып алмауға үлесін қосып жүрген тұлға
Ол өнегелі өмірі, өрелі ісімен, азаматтық-адамгершілік болмысымен ереше көзге түсетін мемлекетшіл тұлғалардың бірі.
Адам жаны, бейне ашылмаған арал тәрізді. Ол аралда тынысты ашатын жұпар ауасын жұтып, кемпірқосақтай құбылған жасыл әлемде алшаң басатын,  адам мен табиғаттың будандаса, орайласа өмір сүруі осындай-ақ болар деп ойлайсыз!
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқының қалың жүнді көрпесіндей, – деп Сүйінбай ақын жырлағандай, жеке басының асыл да айнымас адамгершілік қасиеттерімен жан-жағына сәуле шашып, жылылық ұялатып тұратын ақ жүректі, нар тұлғалы асыл азаматтың асқар асулары мен жеткен биіктері жайлы қанша айтсаң да таусылмайды.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейтін ұлы қағида қазығына сөзі мен ісін байлап өскен Асқар Алтынбекұлы қайда жүрсе де, қандай қызметтің тұтқасын ұстаса да ойын тура айтар мінезі мен табандылығы, еліміздің халық шаруашылығының  жай-жапсарын мықты білетін кәсіби қабілет-қарымының кеңдігі мен тереңдігі әрқашан байқалып тұрады. Қай қызметті атқарса да ол адалдығымен, әрі кәсіби шеберлігімен дараланады.
 Осылайша туып-өскен жеріне, қадірін ұққан еліне адал қызмет қылудың үлгісін танытуда. Елі үшін аянбай тер төгіп, абыройлы азамат, ел ағасы атанды. Қашанда, қай лауазымның тізгінін ұстаса да биязы мінезінен ауытқымай, білсем, білген үстіне біле түссем деген ұсынақты ұстанымынан танбады. Ең бастысы, көкірек көзі ашық, һәм көргені мен түйгені көп мол қазыналы, зерек те зерделі жан шын мәнінде аға ұрпақтың атына заты сай лайықты өкілі ретінде танылып отыр.
 
                                                             Қазақ-Америка Университетінің ұжымы

 

дү се сә бе жұ се же
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

Құрметті оқушылар!
Қазақ-Америка университінде (ҚАУ) "Ашық есік апталығы"өтеді!
Сізді университетпен жақын танысуға мумкіндігініз бар!
Қазақ-Америка университетінің есіктері сіздер үшін ашық!

Сіздерді 2017ж. 9-13 қазанның аралығында сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін күтеміз.