ҚАУ жаңалықтары

5 маусым 2017
Электриктен Министрге дейін…..

Сарымсақова Алмагүл,
Икапова Дана
Қазақ-Америка университеті
 
 
Қазақ-Америка университетінің ұжымы мен  студенттері Құлыбаев Асқар Алтынбекұлын мерейтойымен шын жүректен  құттықтайды!
Өзінің еңбек жолын Алматы автожөндеу зауытының қарапайым электригі болып бастаған адам  ҚАУ-дың Қамқоршылар Кеңесінің Құрметті төрағасы болып табылатынына мақтанамыз.
 Қазіргі студенттер жалақысы жақсы, абыройлы жұмысқа орналасып, жоғары лауазымды, лайықты мансапты армандайтыны сөзсіз. Өз білімін жетілдіре отырып, үнемі ізденісте болып , өз ісінің маманы болуға болады.
Энергетик мамандығын алып, жоғары оқу орнынан түлеп ұшқаннан кейін өндірістегі жұмыстардың үлкен-кішісін талғамай, қайнаған өмірге құлшына бас қойған Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев еліміздің индустриясын дамытуға зор үлес қосты.  
Асқар Алтынбекұлы инженер, инженер-конструктордан  «Электромонтаж» құрылыс басқармасының бастығы, «Қазпромтехмонтаж» тресті басқармасының орынбасары, ҚР тұрғын үй және құрылыс министрі, ҚР-ның Министрлер кабинеті жанындағы материалдық резервтар бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы, Қазақстанның келісім және бейбітшілік Кеңесінің төрағасына дейін кәсіби қалыптасудың барлық кезеңдерін өткен адамның  айқын  дәлелі. Бүгінгі күні құзыретті, тындырымды және талапшыл болу жеткіліксіз. Ең бастысы Асқар Алтынбекұлы сияқты өзінің кәсіби біліктерін дамыту, үнемі ізденісте болу. 
Қазақ-Америка университетінің дипломдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық инженер академиясы және Халықаралық инженер академиясының академигі, профессор, техника ғылымдарының докторының қолынан алу біздің студенттер үшін үлкен құрмет. Мұндай ешқашан ұмытылмайды!
Асқар Алтынбекұлымен өткен әрбір кездесу тек студенттерге ғана емес, сонымен қатар оқытушы-профессорлар және университет басшылығы құрамына тілдесу, сұхбат алу арқылы белсенді мемлекеттік қызметтер жайында, қоғам қайраткері және өндіріс ұйымдастырушысының жеке тәжірибесі туралы мағлұмат алуға үлкен мүмкіндік береді.
Істің көзін таба білетін адам қай жұмысты да ұршықша иіретіні белгілі емес пе! Өзіне бұрыннан етене таныс құрылыс саласы, оның үстіне өндіріске араласу мүмкіндігін алған Асқар Алтынбекұлы осы салада да біраз жұмысты еңсеріп-ақ тастады.
Қамқоршылар Кеңесінің соңғы отырысында мен Құлыбаев мырзаның қазақстандық инновациялық жобаларға ерекше қызығушылық білдіргенін байқадым. Мысал келтірсек, оның назарына Қазақ-Америка Университетімен бірлесе студенттерге арналған зертхана ашқан, ғылымды қажетсінетін «Сұлу-Нұр» консорциумының патенттелген өнімдері түсті.
Сол сәтте менің есіме өткізілген кездесулердің бірінде Асқар Алтынбекұлының жетекші ретінде Тенгизді  игеру барысында табиғат сыйын зор тиімділікпен қолдануда асқан шеберлік көрсеткені жайлы айтылғаны келді. Автомобильді жолдарды салуда жергілікті шикізаттарды- «кир» (құрамында битум бар) атауы берілген тығыз затты қолдану идеясы да Асқар Алтынбекұлына тиесілі. Бұл мәселені автомобильді жолдар министрі (ол кезде ҚазКСР) Ш. Бекболатовпен талқылағаннан кейін «кирді» бүкіл ауданда жол салуда қолдануға шешім қабылданды. Жұмыстың басы-қасында жүрген қызметкерлердің айтуы бойынша, асфальт төсеу үшін битумды табу өте қиын болған, сондықтан «кирді» қолдану ерекше маңызды рөл ойнаған. Айта кетсек, дәл осы жергілікті материалды қолданып салынған жолдар әлі күнге дейін Отанына қызмет етуде. А. Құлыбаевтың өмірінде бұндай дәлелді мысалдардың саны біршама.
Асқар Алтынбекұлының тағы да бір тамаша адамдық қасиеттері- бөлісе білу, аяушылық және уайымдаушылық білдіре білу. Алғашқыда мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған (сөзбе-сөз игілік жасау) сауапты іс қазіргі кезде кеңінен қарастырылады.
Қазіргі заман қоғамында қайырымдылық ретінде кез келген қамқорлық көрсетуді және сол ұғымға лайық істерді қарастыру қалыптасқан: жебеушілік те, мияткерлік те, демеушілік те, әлеуметтік инвестицияландыру да соның қатарына кіреді. Бұл істердің барлығы Асқар Алтынбекұлына тән. Қайырымдылық көрсету қазақ халқының тарихында мәдениетімен, ділімен, тәрбиесімен жазылып қалдырылған.
Біздің есімде қалған тағы бір мысал, мерейтой иесінің қаражаты есебінен ҚазБСҚА ұстаздары жетілдіріп құрастырған және Алматы кітапханаларына сыйға тартылған төрт томдық сөздіктің басылып шығуы.
Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың белсенді өмірлік позициясы, ауқымды қайырымдылық істері Егеменді Қазақстанды тұрғызушы жас ұрпаққа айқын тағылым боларына мен сенімдімін.
дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930