ҚАУ жаңалықтары

9 қазан 2018
Біздің алғашқы кәсіби мерекеміз!

Халықаралық туризм күнін атап өту мақсатында біз туризм мамандығының студенттері «Қайрақты» сарқырамасына жол тарттық. Сарқырамаға барар жолдан жəне оның өзінен керемет əсер алдық. Бұл керемет əсерді ұмытпау үшін өзімізбен бірге фотоаппарат және таза ауада тамақтану үшін түрлі тағамдар алдық. Ең маңыздысы-медициналық қорап және оған қоса ыңғайлы киім болды. Міне, керек заттардың тізімі осы. Ал енді біз нағыз туристер секілді саяхаттауға дайынбыз. Алға!
«Қайрақты» сарқырамасы Іле Алатауы ұлттық саябағы, Түрген шатқалында орналасқан. Қайрақты - ең үлкен, əрі ең күшті сарқырама. Жолда 8 көпірді кесіп өтіп, қыналы Шынтүрген шыршаларын көрдік. Бұл жерде қынаның қалың қабатында алып шыршалар өседі екен. Əрине, басында тауға көтерілу улкен қиындық туғызғанымен, біздің қызығушылығымыз басым болды. 7 шақырым жаяу көтерілгеннен кейін жазық жерге жеттік. Сарқырама Бозгүл өзенінен құлайды екен. Біз тағы бір шақырым жүрдік. Міне, көптен күткен сарқырама! Басында оны дұрыстап көру мүмкін болмады, сондықтан оны жақынырақ көру үшін сол жердегі арнайы баспалдақпен көтерілдік. Сарқыраманың өзін көргенде оның сұлулығына қатты таңырқадық. Табиғаттың ғажап туындысы. Суы мөп-мөлдір, əрі тұнық. Сарқырама биіктігі шамамен 50 м.
Бұл сапар бізге көтеріңкі көңіл-күй, əрі болашаққа үлкен тəжірибе сыйлады. Əлемде адамдар бару керек небір керемет жерлер бар. Қайрақты солардың қатарында деп ойлаймын. Біздің арман-тілектерімізді жүзеге асырып отырған Қазақ- Америка Университетіне айтар алғысымыз шексіз және болашақта əлі талай қызықты сапарларға аттанамыз деген үміттеміз.
 

 

 

 

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31