ҚАУ жаңалықтары

23 маусым 2017
Болашаққа жолдама

Жоғары білім туралы диплом табыс ету-бітіруші түлек атанған студенттің өміріндегі көңіл толқытатын маңызды мереке екені белгілі. Сонымен қоса жас маманның есеюі, өзінің өмірі, келешектегі жетістігі үшін жауапкершілікті қабылдауы.
2017 жылдың 16 маусымында Алматы қаласының «Бакшасарай» қабылдау Үйінде Қазақ-Америка университеті (ҚАУ) бакалавриаты түлектерінің диплом табыс ету рәсімі өтті. Дипломдарды табыс ету рәсімі алдында ҚР әнұраны және ҚАУ-дың әнұраны орындалды.
Түлектерді ҚАУ-дың президенті Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов, ҚР Ұлттық Инженер Академиясының вице-президенті, ҚАУ-дың Қамқоршылар Кеңесінің Төрағасы Надир Надирович Каримов кұттықтады.
Залдың әдемі безендірілуі, сергітетін әуен, көз тартатын мантиялар-мерекені сезіндіріп, түлектер үшін салтанатты есте қалардай әсер етті.
ҚАУ үшін дипломдарды табыс ету рәсіміне жоғары лауазымды қонақтардың келуі-дәстүр. Бұл салтанатқа «Қазақтелеком» АҚ бас директорының орынбасары, инфрақұрылым және телекоммуникация объектілерінің құрылысы бойынша техникалық директоры Мұрат Нұрмұханұлы Мухаметалин, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының вице-президенті, академигі Сағадат Едігеұлы Абдигапар, «Атакент» АҚ президенті , Басқарма төрағасы Серік Қалықұлы Абдуллаев сынды тұлғалар қатысты.
«Қаржы», «Есеп және Аудит», «Құқықтану», «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар», «Журналистика», «Радиотехника электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша түлектерге диплом табыс етілді.
Түлектерді шын жүректен құттықтап, оларға сәттілік және жетістіктер тілейміз.
Декан және оқытушы ретінде түлектерге жастық кезден бастап жұмыс істеуге, жетістіктерге ұмтылуға және өмір бойы ізденуге, жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін күш-жігер тілеймін.

Қазақ-Америка университеті, экономика және құқық факультетінің деканы Э.А. Ибраева.
 

 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930