ҚАУ жаңалықтары

26 қазан 2018
«Болашақ» Ассоциациясынан дәріс

2018 жылдың 24 қазанында Қазақ-Америка университетінде «Заңгер» студенттік ғылыми үйірмесінің жиналысы болып өтті. Бұл жиналыстың күн тәртібінде бір мәселе болды: «Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясының иегері А. Қасымжановтың ашық сабағы».
Қарастырылып отырған шара Қазақ-Америка университетінің студенттік өзін-өзі басқару Комитетінің қолдаумыен «Біздің біліміміз – біздің елімізге» атты республикалық акция шеңберінде жасалды. Үйірменің жұмысына «Заңгер» мамандығының 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен болып, кездесу барысында олар белсенділік танытып, адвокатқа адвокаттық қызметтің ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды. Кездесу іскерлік және жүйелі түрде өтті. Қазақ-Америка университетінің студенттерінің оқу-өндірістік тәжірибесін Алматы қалалық адвокаттар алқасында өтуі туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді.
 

дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930