ҚАУ жаңалықтары

2 мамыр 2018
Бүгінгі өсу – Ертеңгінің жарқын Болашағы!

2018 жылдың 25 сәуірінде сағат 12.20-да арнайы шақырылған бизнес-жаттықтырушылар Аркадий Лиджиев және Қайыржан Әбдіқалықов «Өсудің заңдары: бүгінгі өсу-ертеңгінің жарқын болашағы» атты мастер-класс өткізді. А. Лиджиев – Leadership Experience Institute (АҚШ) түлегі, the John Maxwell Team (АҚШ), TESOL (Ұлыбритания) өкілі және жаттықтырушысы. Қ. Әбдіқалықов – PhD IR, PMI PMBOK эксперті.
Мастер-класс ағылшын тілінде өтті. Бұл мастер-класқа Қазақ-Америка университетінің «Халықаралық қатынастар», «Аударма ісі», «Журналистика» и «РЭжТ» мамандықтарының студенттері қатысты.
Мастер-класта студенттер жаттықтырушылар берген практикалық тапсырмаларды орындады. Студенттер практика жүзінде кәсіби және жеке өсудің кезеңдері, көшбасшылықтың қағидалары, сыни ойлау туралы көптеген мәліметтер алды. Бизнес-жаттықтырушылар өз мысалында және табысты жеке тұлғалардың мысалында жеке өсудің түрлі жолдарын көрсетті.
 

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31