ҚАУ жаңалықтары

5 қараша 2018
«Қазақстанның банк секторының қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты қонақ дәрісі

2018 жылдың 1 қарашасында 306 ауд. Қаржы мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне арналған «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау» пәнінің негізінде экономика және құқық факультетімен ұйымдастырылған қонақ дәрісі өтті. Оған, қонақ дәріскері, «Halyk bank » АҚ Алмат ы филиалының директоры Ештаев Ержан Қарбозұлы шақырылды.
Кездесудің форматы Қазақстанның банктік нарығында қалыптасқан жағдайдың проблемалық мәселелерін, жаңа технологиялар мен банк секторының басым секторларын талқылау түрінде өтті.
Банк секторы елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады және уақытша бос қаражаттың нақты экономикаға үздіксіз қозғалысы үшін арналар болып табылады. Ержан Қарбозұлы жақында ірі екі банктің «Qazkom» және «Халық банкі» бірігуі туралы әңгімелеп, осы бірігу Қазақстанның тарихындағы ең ірі банк интеграциясы екенін атап өтті. Банктердің бірінің артында екі онжылдықта енгізілген технологиялық инновациялардың ұзақ жолдары бар. Өзгесі жоғары рейтингті сенімді қаржы институты беделін білдіреді.
Сонымен қатар дәріс қонағы аудиторияның көңіл-күйін көтерді, табысқа жету жолы туралы әңгімелеп, өз кәсіби өмірінде өзін қалай табуға және жүзеге асыруға қатысты құнды кеңестер берді. Кездесу Halyk bank  әңгімелесу үшін белсенді және болашағы бар студенттерге шақыруымен аяқталды.
 

дү се сә бе жұ се же
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031