ҚАУ жаңалықтары

1 қазан 2018
Қазақстанда пауэрлифтингтің болашақ «Тарландары» бар!

Қазақ-Америка университетінің «Аудармашы» мамандығында Қазақстанның болашақ пауэрлифтинг алыптары бар. Жақында ғана «Аудармашы» мамандығының 3 курс студенті Данил Сапоновтың алтын жүлде иесі атанғанына қуанған едік, бүгінде тепсе темір үзер, дәл осы мамандықтың 2 курс студенті, Элина Бихлер пауэрлифтингтен үлкен жетістіктерімен қуантып отыр. Бұрын соңды «Аудармашы» мамандығында бұндай спорт түрімен айналысқандар кемде-кем. Ал Элинаның бойында осы нәзік мамандыққа да, ауыр спортқа да қызығушылық бар.
Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Алматы қаласында пауэрлифтингпен әуестенушілер арасында чемпионат өтті. Жарысқа 200-ден астам спортшылар қатысты, ал жүзден жүйріктер ілгері жылжыды. Элина асқан жеңілдікпен 3 алтын медаль ұтып алып, КМС иегері атанды. Жеңіске бақ сынау үшін Қазақстанның Астана, Шымкент, Атырау, Қарағанды , Павлодар, Тараз сынды үлкен қалалардан бөлек, алыс елді мекендерден келгендер де аз болмады. Екі күн қатарынан спортшылар сайыс алаңын қыздырумен болды.
Қазақстан Республикасындағы чемпионат Қазақстан пауэрлифтингі тарихында ең есте қалар, әсерлі болып өтті. Элина Әлемдік Федерация ұйымының атынан өнер көрсетті. Бұл рекодтың нәтижелерін көрсететін мықты спортшыларды қолдау мақсатында құрылған тәуелсіз спорттық ұйым. Біздің Элина әлі халықаралық деңгейде жетістіктерімен қуантады деп үміттенеміз!

«Аударма ісі» мамандығына жауапты,
Профессор ассистенті
Ж.К. Акбалаева
 

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31