ҚАУ жаңалықтары

11 қазан 2018
Қазақ-Америка университетіндегі Елшілік Сағаты

2018 жылы 8 қазанда Македония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Илия Псалтировтың Қазақ-Америка Университетінің студенттер мен оқытушыларға арналған көшбасшылық дәрісі өтті. Көшбасшылық дәрісі «Елшілік Сағат» ҚАУ деканы бастамасының негізінде ұйымдастырылды.
Дәріс барысында Елші өз елінің тарихы, мәдени дәстүрлері мен әдет-ғүрыптарын баяндады. Елші Македонияның барлық елшілігін, әлем картасында орналасуын және басқа ұлт елдерінің үстінен бірлікте болуын көрнекі түрде таныстырды.
Македония елшісі ҚАУ студенттеріне дипломат болудың арманына жол ашты. «Неліктен ол дипломат болғысы келді?» сұрағына өз еліне пайдалы болғысы келгені туралы және алдында қиын таңдау болғаны жайлы айтты. Ол бизнесте 8 жыл жұмыс істеді, бірақ бизнес оның шын мәнінде айналысқысы келген нәрсе болмады, ол өзін дипломат көргісі келген. Және қазір өміріндегі өз орнын тапты.
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі бола отырып, Илия Псалтиров орыс, қазақ тілдерін білмеген, алайда ол үшін бұл кедергі болмады. Қазір ол орыс тілін жақсы біледі, әрі қазақ тілін үйренуде.
Кездесу соңында Илия Псалтиров студенттерге: «Ешқашан берілмеңдер, армандауды армандамай, арманмен өмір сүріңдер» деп кеңес берді.
 

дү се сә бе жұ се же
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031