ҚАУ жаңалықтары

23 шілде 2018
Қазақ-Америка университеті қазақ чемпионы Денис Теннің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, бүкіл қазақ еліне көңіл айтады.

Денис Тен (Алматы, 13 маусым, 1993 жыл - 19 шілде 2018) - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері,255,10 ұпаймен қола медальға ие болды Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері .

Ванкувердегі олимпиадада Денис Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты. Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (сәуір, 2009 ж), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл.), ал 2013 жылы — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009 ж), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (қазан 2008 ж.). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ). 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Денис Тен 19 шілдеде Алматыда көз жұмды. Ол көлігінің айнасын ұрлап жатқан ұрыларға тосқауыл боламын деп пышақ жарақатын алады. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, Денис Тен 17.30-да үш литр қан жоғалтқандықтан қайтыс болды.

Құрметті студенттер! Азаматтық қоштасу рәсімі Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 09.00-ден 10.30-ға дейін өтеді. Академия атынан ақ түсті гүлтәжі дайындалады.

 

дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031