ҚАУ жаңалықтары

12 сәуір 2017
ҚАУ-ғы Наурыз мейрамы -2017

Көктем айларының ең жарқын да қызықты – Наурыз думан мейрамы, осы айдың 31ші жұлдызында Қазақ –Америка Университетңнде аталып өтті

Жыл сайын, «Наурыз» мерекесі университетте өткізіледі. Биыл дәстүрлі «Наурыз көже» мен Палауға қосымша, қызметкерлер мен университет оқытушылары арасында театрландырылған байқау ұйымдастырылды.
Қазақ халқының ежелгі салтының бірі - «Тұсау кесу» рәсімін, ҚАУ оқытушылары көрсетті.
Бір кішкентай «Ынтымақ» атты ауылда, барлық тұрғындар мен қонақтар жиналды. Баланың «Tұсау кесу» рәсімін ауылдың ең құрметті қонақтары мен азаматтары өткізеді. Біздің ауылда бұл құрмет Университет Президенті Сихимбаев С.Д-ға бұйырды. Бала дәстүрлі қазақтың «Шашуымен» ақ кілем үстімен жүріп өтті де, көптеген сыйлықтардың арасынан қаламсапты таңдады. Бұл таңдау өзінше символикалық болды, себебі тұсауы Университетте кесілді. Дәстүрлі «ақсақалдың Батасын» жиналған қауым мен жас бүлдіршінге ҚАУ ұстазы Бегалиев Н.К. берді. Ал жақсы тілектері мен құттықтауларын ҚАУ ұстазы Даниярова Д.Р айтып жатты.
Дәл осылай біздің университеттің оқытушылары, қазақтың дәстүрлі костюмдерін киіп, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінен хабардар екенін көрсете алды.
Кең жайылған ақ дастархан басында, әкімшілік ұсынған Наурыз көже мен палаудан дәм татып, біздің ұстаздар мен қызметкерлер қызықты да көңілді мейрам өткізді.
 

 

 

дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930