ҚАУ жаңалықтары

8 маусым 2017
ҚАУ профессоры Бегалиев Нурлан Калаушевич 2017 жылдың сәуір айының 28-де Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды.

ҚАУ профессоры Бегалиев Нурлан Калаушевич 2017 жылдың сәуір айының 28-де Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Бегалиев Нұрлан Калаушевич 1971 жылы «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша Алматы шет тілдер институтын бітірді.
1977 жылы философия мамандығы бойынша философия және құқық институтының аспирантурасын бітіріп, философия ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды. 1993 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясында ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметпен айналысады. 1993 жылдан 2008 жылға дейін Бегалиев Н.К. Орталық Азия мен Қазақстан бойынша халықаралық «Ллойдс» агенттігін басқарды. Бұл агенттік нарықтық экономиканың ережелеріне сәйкес республикадағы сақтандыру индустриясын енгізу үшін құрылған.
2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бегалиев Н.К. Қазақ-Америка университетінің ассоциациаланған профессоры болып жұмыс істейді. Ол халықаралық қатынастар мамандығында оқытылатын пәндер бойынша ағылшын тілінде дәріс береді. Бегалиевтің 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді.

Шын жүректен құттықтаймыз, профессор!
 

дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930