ҚАУ жаңалықтары

25 қазан 2018
Астанадағы БСҚБТА халықаралық конференциясы

ҚАУ кампусының деканы, жалпы гуманитарлық және білім беру факультетінің ассоц. профессоры Абдыхалықов Қайыржан Саясатұлы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша «Сыртқы сараптамалық топты оқыту және есептер дайындау» деген, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік ұйымдастырған, халықаралық конференцияға қатысты. Абдыхалықов К.С. БСҚБТА-ның ұлттық сарапшысы болып табылады. Халықаралық конференцияға 160-қа жуық Қазақстанның әр өңірінен ұлттық сарапшылар келіп қатысты. Конференция аккредиттеу шеңберін, сыртқы аудиттің сапасын қамтамасыз ету саласындағы пікірталастар мен диалогтар үшін белсенді алаңға айналды.
Конференцияда өзін-өзі бағалау туралы есептерді, сыртқы бағалау критерийлерін дайындау және Испания, Франция, Армения, Бельгия сияқты жоғары білім беру жүйелерінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы бірқатар сарапшылар тыңдалды. Шетелдік сарапшылар мен спикерлер халықаралық конференцияда еуропалық аккредитация саласындағы көрнекі тұлғалар болды, мысалы; Бернард Ремо - Білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің еуропалық желісінің президенті (ENAEE, Бельгия), Мари Элизабет Бодуэн - француз сарапшысы, Франсуа Перно - Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық қауымдастығының (ENQA) Басқарма мүшесі, Соланж Пизар – Францияның Ғылыми зерттеулер және білім беру қызметін бағалау жөніндегі жоғарғы кеңестің (HCERES) сарапшысы, және Рубен Топчян - Армения ұлттық кәсіби білім беру сапасын қамтамасыз ету орталығының директоры (ANQA).
 

дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930