ҚАУ жаңалықтары

7 қазан 2019
27 қыркүйек «Туризм күніне» ұйымдастырылған Шарын шатқалына саяхат!

Шарын Шатқалы – Қазақстандағы ең әдемі жерлердің бірі. Шарын Шатқалын АҚШ-тағы Гранд Каньонның теңдессіз егізі деп те атауға болады.


Шатқал Алматы қаласынан 195 км шақырымда орналасқан және 154 км-ге созылып жатыр. Біз 27 қыркүйек «Туризм күніне» арнайы Қазақ-Америка Университетінің атынан шықтық. Шарынның ерекшелігі, оның ұзындығы 20 метрден 80 метрге дейін жетеді, сондықтан бәрі жақын болып көрінетіндіктен, әсерлер де өте керемет. Басты мақсатымыз Қазақ-Америка Университетінде туризмді дамыту болды.


Шатқалдың ішіне кіргендегі ең қатты әсер қалдырғаны – оның ұзындығы 2 км, сол үшін де Шатқалды айналып шығу қиын емес. Қиғаш тұрған тас бізді қатты таңқалдырды, қазір құлап кететіндей әсер қалдырады, бірақ қаншама жылдар өтсе де, тас жақсы сақталған. Алқапты айналып өтіп, біз Шарын өзеніне жеттік. Өзеннің түсі өте ерекше – мөлдір көгілдір түс, өте әдемі өзен. Өзен қар және мұз суымен қоректенеді. Өзендегі судың толуы мен арнасынан тасуы сәуір айынан бастап маусым айына дейін жалғасады. Негізі, Шарын Шатқалында күн ыстық, бірақ біз қыркүйек айының соңында келгендіктен, қатты ыстық болған жоқ.


Шарын Шатқалы ландшафт жағынан әр алуан, мұнда өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлері өте көп. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген. Сондай-ақ бұл жақта сүт қоректілердің 62 түрі, ұя басатын құстардың 103 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі, бағымызға орай кесірткелерді ғана көрдік. Шарын шатқалы мен жақын маңда жатқан аумақ өте таза екен, күтім жасалатыны көрініп тұр.


Сапарымыз есте қаларлықтай және қызықты, көңілді болды, аумақта суретке түсетін жерлер жетерлік. Бұл біз үшін ең алғашқы тур болды, олардың әлі көп болатынына сенеміз!


 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930