ҚАУ жаңалықтары

12 сәуір 2017

6 сәуір күні «Мирас» салтанат залында көптен күткен «Queen of University» іс-шарасы өтті. Бұл шараға Қазақ–Америка Университеті мен Алматы байланыс колледжінің 12 ару қызы қатысты. Сайыс жеңімпазы – Алматы байланыс колледжінің «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығында оқитын 2–курс студенті Қасымова Айдана. Вице-мисс атағын «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-курс студенті Касымова Залина алса, ал екінші вице-мисс болып «Халықаралық қатынастар» мамандығында оқитын 2-курс студенті Мухамедалиева Алина атанды. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы танымал әндер мен құттықтаулар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған тосынсый болды. ҚАУ әкімшілігі ару қыздарды құттықтап, оларға оқуда табыс тілейді!

дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930