ҚАУ жаңалықтары

11 сәуір 2017
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

ХБК Кітапханасы «Салауатты жастар – халқымыздың болашағы» атты тақырыпта қазақстандық танымал спортшылармен кездесу өткізеді

Өткізілетін орын: Ғылыми кеңес залы (ҒКЗ)
Өткізілетін күні: 4 сәуір 2017 ж. сағ.11.00-де.
Қонақтар: Айза Иманбек - Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері;
Фёдор Мезенцев – Қазақстан Республикасының конькимен жүгіру спортынан халықаралық класс деңгейіндегі спорт шебері;
Константин Соколенко – Қазақстан Республикасының шаңғымен тұғырдан секіру бойынша халықаралық класс деңгейіндегі спорт шебері
Қатысушылар: ҚазБСҚА, ҚАУ білімгерлері және ПОҚ. Барлығы 110 адам

Өмірдегі ең басты құндылық адамның денсаулығы болып табылады. Оның 50% салауатты өмірден, 20% экологиялық тұрғыдан, тағы 20% биологиялық (тұқымқуалаушылықтан) тұрады, қалған тек 10% пайызы ғана медициналық факторлармен анықталады. Сондықтан да адам тек салауатты өмір салтын ұстанса ғана, осы қағидалардың барлығы денсаулық деңгейінің қаншалықты жоғары екендігін анықтай алады. Мұндай көріністің ерекше өзектілігі, Қазақстан жастарының келешектегі денсаулығының қаншалықты мықты болатындығын осы халық ішіндегі әлеуетті белсенді болып табылатын жастардан байқауға болады.

Шараның өткізілу мақсаты:

• Жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру;
• Жастарды спорт жайында кітап оқуға тарту;
• ЖОО білімгерлері ортасында Қазақстанның атақты спортшыларын дәріптеу

Бағдарламада:

1. Сөз сөйлеу: Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері – Айза Иманбектің; Қазақстан Республикасының конькимен жүгіру спортынан халықаралық класс деңгейіндегі спорт шебері - Фёдор Мезенцевтің; Қазақстан Республикасының шаңғымен тұғырдан секіру бойынша халықаралық класс деңгейіндегі спорт шебері - Константин Соколенконің сөз сөйлеуі.
2. Алматы қ. өткен 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 ж. арналған «Спорт – көркі өмірдің, спорт досың, серігің» тақырыбымен Электрондық таныстыру рәсімі;
3. «Мен қалай волонтер болдым» 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 ж. алау ұстауға лайық «Дизайн» факультетінің 1 курс студенті Софьи Мун мен «Сәулет» факультетінің 2 курс студенті Даулет Исраилдың сөз сөйлеуі;
4. «Қанаттарын жайған Универсиада -2017» атты тақырыбында кітап көрмесін жасау.

Келем деушілерге есік ашық!
 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031