ҚАУ туралы

ҚАУ жақын және алыс шетелдердің үздік университеттерінің қабылдаған стандарттарына сәйкес, білім бағдарламаларын сәйкестендіруге тырысалды. 2003 жылдан бастап енгізілген кредитті технология студенттерге әлемдік білім беру кеңістігінде еркін бағдар жасауға, білім алуына шетелде жалғастыруға, біреуі әлемдік үлгіде болатын екі диплом алуға, бітірушілердің дипломдарының бүкіл әлем бойынша танылуына мүмкіндік береді. Осы бағытта ҚАУ өзінің халықаралық қызметін дамытады.

1997 жылдан бастап, қазақстандық білім қызметтерін беру нарығында, халықаралық кластағы Қазақ – Американ Университеті (ҚАУ) сәтті дамып келеді. Келісім шарттар бойынша қазақстандық және американдық бағдарламалар синтезінің негізнде жоғары оқу орнын құру идеясы – Қазақ – Американ Университетінің Президенті және негізін қалаушы – Құсайынов Әмірлан Айдарбек ұлыныкі. 

 ҚАУ қызметі қазіргі уақытта ҚР – да жұмыс істейтін, шетел ұйымдарының қызығушылықтарын тартуда. Бүгінгі таңда, университет пен халықаралық ұйымдар (IREX, ACCELS, USIS, British Council, шетелдік білім беру мекемелерімен — университет, колледж, мектептермен ) арасында тұрақты қатынастар орнатылған.  

ҚАУ АҚШ, Италия, Испания, Канада, БАӘ университеттерімен артикуляция келісім шарттарын жасасқан, яғни, біздің студенттер оқуды жалғастыру үшін дәл осы мемлекеттерге кетеді.   Біз ҚАУ – да «А» санаты бойынша үш жыл оқыған студенттерге оқудың төртінші жылын шетелдік жоғары оқу орнынан бітіруге мүмкіндік береміз.   Оны бітіргеннен кейін, студент американдық жоғарғы оқу орнының дипломын алып, ҚАУ – ға оралып, сабақтардың айырмашылықтарын тапсырып, қазақстандық стандарт бойынша бакалавр дәрежесі мен мемлекеттік үлгідегі диплом ала алады. 

2005 жылдан бастап ҚАУ Американдық колледждер мен университеттердің қауымдастығына (AAC&U) қабылданған, ТМД – дағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады! Қауымдастықтың құрамына 1100 артық білім беру ұйымдары, колледждер мен университеттер    (American University, Eastern Connecticut State University, George Mason University, Berkeley College, Harvard University және т.б.) кіреді.
2006 жылы университет сапа менеджментінің ИСО 9001:2000 стандартының талаптарына сәйкестігіне халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті.

Басқа қалалардан келген студенттерге (бакалавриаттың, колледждің, мектептің) тегін негізде жатақхана беріледі. 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚАУ Президенті университет студенттерінің әлеуметтік қорғанысын кеңірек қамтитын, арнайы «Әлеуметтік пакет» бекітті. 

Қазақстан аумағында қарқынды дамып келе жатқан, жеке меншік ғимараттар, компьютерлік және зертханалық-техникалық база, біліктілігі жоғаыры педагогикалық әлеует, заманауи жоспарлар мен бағдарламалар, халықаралық серіктестік байланыстар сияқты халықаралық талаптардың басты бесеуіне жауап беретін университеттің бар екенін нық сеніммен айтуға болады.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауының мемлекеттік жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және олардың санын қысқарту тұрғысынан және ҚР ҒБМ аттестаттау және бақылау Комитетінің нұсқауларына сәйкес, «Қазақ-Американ Университеті» ННУ («ҚАУ» ННУ) құрылтайшылары және «Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы» АҚ («ҚазБСҚА» АҚ) білім беру қызметтерінің саласында бірегей саясатты қалыптастыру мақсатында, «Халықаралық білім беру корпорациясы» акционерлік қоғамын (ары қарай – «ХБК») құру туралы шешім қабылдады.  

Жоғары оқу орны басқарудың корпоративті нысаны бар құқықтық құрылымға ие, Университет түрінде құрылған. «ХБК» АҚ корпорацияның қатысушы жоғары оқу орындарының нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және экономикалық және қоғамдық жаңғырту сұраныстарына сәйкес келетін, білім беру жүйесін дамыту үшін құрылтайшы жоғары оқу орындарының зияткерлік және кадрлық әлеуетін, мүліктік және мүліктік емес активтерін біріктіру жолымен заңды тұлға мәртебесіне ие бөлімшелерді қосатын, бірегей оқу – ғылыми – өндірістік кешені ретінде қызмет етеді.

Қазіргі уақытта «ХБК» АҚ жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім бағдарламалары бойынша дайындық жүргізетін жоғары оқу орны болып табылады. «ҚазБСҚА» АҚ және «ҚАУ» ННУ өзінің жұмысын жалпы орташа, техникалық және кәсіби білім саласында, біліктілікті арттыру және ғылыми – зерттеу қызметі саласында жүзеге асырады. 

 

 

 

 

дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930