Мамандар департаменті

 

Мамандар департаменті қызметінің негізгі аспектісі ҚАУ-нің барлық құрылымдық бөлімшелерінің кадрлық мәселелер бойынша жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және ішкі еңбек тәртіп ережелерін, Жарғы мен ҚАУ-нің мамандармен қамтамасыз етілуін дамыту Тұжырымдамасын сақтауға бағытталған.

Негізгі мақсаттары:

 

- жоғары білікті мамандарды таңдау;

- мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

- мәнсаптық өсуді жоспарлау жүйесі;

- мамандар әлеуетін тұрақтандыру.


Негізгі міндеттері:

- ҚАУ даму стратегиясына сәйкес кадрлық саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды анықтау;

- ҚАУ қызметкерлер құрамының өзгеруін ескере отырып, мамандарды толықтырудың ағымдағы және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу;

- заңмен белгіленген тәртіппен байқау бойынша жұмысқа орналасуға ұсыныстарды әзірлеу, байқау комиссиясының жұмысын дайындау және ұйымдастыру;

- қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастыру, оны әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, аттестаттау нәтижелерін талдауға қатысу, аттестаттау комиссиясы шешімдерінің орындалуына үнемі бақылау жүргізу;

- еңбек заңнамасына, ережелеріне, нұсқаулықтарына және басшылықтың бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды рәсімдеу;

- қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын және бөлімшелердегі еңбек тәртібі жағдайын бақылауды ұйымдастыру.

 

Байланыс телефондары:

 

Кадрлар департаментінің бастығы – Алтынай Азатқызы Абиева

тел./факс: +727 2267980

эл. мекен-жайы: abiyeva_a@mail.ru